Ортаңғы “Көбелек” тобы
Тәрбиеші: Мұхамедқали Шолпан
Гүлдерге толы құмыра
Балалармен бірге әсем ваза жасап, оны тірі гүлдермен толықтырдық. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, табиғатты сүюге, әдемілікті бағалауға үйретеді.
Осындай қол еңбегі арқылы:
• Балалар ұқыптылық пен әсемдікке дағдыланады;
• Қиялы дамып, әдемілікке құштарлығы артады;
• Табиғатқа деген сүйіспеншілігі қалыптасады.
Әр бала өз қолымен жасаған «гүлге толы құмырасымен» мақтанып, шаттыққа бөленді.

