Ортаңғы “Көбелек” тобының тәрбиеленушілер
Топ тәрбиешісі: Мұхамедқалиқызы Шолпан
Ұсақ қағаздармен суреттерге жапсыру
Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізде балалармен бірге ұсақ қағаздармен жапсыру жұмысын жасадық.
Мақсаты:
• Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;
• Шығармашылық қабілетін жетілдіру;
• Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өтілу барысы:
Балалар түрлі-түсті қағаздарды кішкене бөліктерге жыртып, дайын үлгіге жапсырды. Әр бала өз қиялымен суретті әсемдеп, ерекше жұмыстарын көрсетті.
Балаларға берер пайдасы:
• Саусақ бұлшықеттері дамиды;
• Қиялы мен зейіні артады;
• Еңбексүйгіштікке баулиды.
Балалардың көздеріндегі қуаныш – ең үлкен жетістік!

