Ортаңғы “Қызғалдақ” тобы
Мақсаты: Балаларды «үлкен» және «кіші» ұғымдарымен таныстыру, салыстыру арқылы заттардың көлемін ажырата білуге үйрету.
Міндеттері:
- Білімділік: Заттардың көлеміне қарай (үлкен – кіші) ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
- Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін және зейінін дамыту.
- Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- Балалар «үлкен» және «кіші» ұғымдарын түсінеді;
- Заттарды көлеміне қарай салыстырып, атайды;
- Сөйлем ішінде қолдана алады (мысалы: «үлкен доп», «кіші аю»).
Тәрбиеші: Айнұр Бейсенбайқызы

